
Малайзия билігі 2026 жылдан бастап 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің байланыс министрі Фахми Фадзил 23 қарашада мәлімдеді. Бұл туралы Коммерсантъ хабарлады.
Шектеудің басты мақсаты – жастарды онлайн қауіптерден қорғау. Олардың қатарында балаларды қорқыту, қаржылық алаяқтық және сексуалды зорлық-зомбылыққа қатысты қатерлер бар.
Үкімет Австралия және басқа елдердегі тәжірибені зерттеп, жас шектеулерін енгізудің техникалық тетіктерін қарастыруда. Жергілікті New Straits Times басылымының хабарлауынша, келесі жылы әлеуметтік платформалар электронды идентификация жүйесін енгізуге дайындалуы тиіс.
Алдағы айларда билік өкілдері қоғаммен және операторлармен бірге жаңа ережелерді бақылау механизмдерін талқылауды жоспарлап отыр.
В Атырау +4