
«Хезболла» қозғалысы өзінің әскери қанатының жетекшісі Хейсам Али Табатабайдың Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданында Израильдің әуе шабуылы салдарынан қаза тапқанын растады, деп хабарлайды АА.
Ұйымның мәлімдемесінде Табатабайдың ұзақ жылдар бойы әскери құрылымда маңызды қызмет атқарғаны және «қарсылықтың негізін қалаған қолбасшылардың бірі» болғаны айтылды.
Ливан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, шабуылдан 5 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алған. Израиль армиясының өкілі Авихай Адраи әлеуметтік желідегі парақшасында операцияның мақсаты дәл осы қолбасшы болғанын жазды. Израиль премьер-министрінің кеңсесі де бұл ақпаратты растады.
В Атырау -1