Атырау, 5 желтоқсан 22:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

12 қарашада Атырауда бірнеше тұрғын үйде су болмайды

218 рет қаралды

Су беру тоқтатылатыны туралы «Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлайды.

Диаметрі 160 мм су құбырында жүргізілетін апатты-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты Сәтпаев даңғылы бойындағы №50 үй маңында орналасқан №6 көтерме сорғы станциясының жұмысы уақытша тоқтатылады.

Осыған орай, 12 қараша сағат 14:30-дан 20:00-ге дейін төмендегі мекенжайлардағы тұрғын үйлер мен нысандарға су беру уақытша тоқтатылады:

  • Сәтпаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлер: №2б, 2в, 2г, 5а, 5б, 5г, 5д, 48, 48а, 48б, 48в, 48г, 48д, 50, 50а, 50б, 52, 54, 56, 58
  • Владимирский көшесіндегі тұрғын үйлер: №2а, 2в.
12 қараша, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.