Атырау, 5 желтоқсан 08:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Томарлыда жүк көлігі газ құбырын іліп кетті

211 рет қаралды

11 қараша күні сағат 19:05 шамасында Томарлы ауылы, Қ. Смағұлов көшесінде ауыр жүк көлігі жолдың үстімен биікте тартылған газ құбырын іліп кетті. 

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көліктің габаритін дұрыс есептемеген немесе құбырды байқамаған болуы мүмкін. Соққы нәтижесінде газ құбырының бір бөлігі зақымданған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен газ шаруашылығының авариялық қызметі келді.

Жергілікті тұрғындар мұндай жағдай осы көшеде бірнеше рет орын алғанын айтады. Атырау – Индер тас жолында жөндеу жұмыстары басталғаннан кейін жүк көліктері жабық учаскені айналып өту үшін ауыл арқылы жүре бастады.

Оқиғаның себептері мен газ құбырының зақымдану дәрежесі нақтыланып жатыр.

12 қараша, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.