Атырау, 5 желтоқсан 09:08
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мақат ауданында «Таза Мақат» коммуналдық мекемесі ашылды

Сурет
286 рет қаралды

«Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында Мақат ауданында жаңа коммуналдық мемлекеттік мекеме — «Таза Мақат» ресми түрде ашылды. 

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Жаңа кәсіпорын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанынан құрылып, биыл маусым айында тіркелген. Облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, мекеме теңгеріміне 17 бірлік арнаулы техника сатып алынды.

«Таза Мақат» аудандағы санитариялық тазалықты жүйелі түрде қамтамасыз етуге, экологиялық мәдениетті арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараға аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, мекеме ұжымын құттықтады. Ол бұл бастаманың ауданның көркеюі мен тұрғындардың өмір сапасын жақсартудағы маңызын атап өтті.


10 қараша, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.