
Атырау облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика жүйесінің 105 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
– Статистика – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын маңызды құрал. Қауырсын қалам мен есеп-шоттан басталған бұл сала бүгінде жасанды интеллектке негізделген шешімдер қабылдау кезеңіне жетті. Цифрлық жаңғыру аясында статистика саласының алдында жаңа міндеттер тұр, – деді Дарын Шамұратов.
Жиын барысында салада ұзақ жыл еңбек еткен мамандарға облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етілді. Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаев бір топ статистке Алғыс хат ұсынды.
Сала үздіктері «Қызмет» салалық кәсіподағының медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
В Атырау +4 


















