
Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімнен ерте аяқтап, барлық өнім түрлерін, соның ішінде сұйытылған мұнай газын өндіруді қайта бастады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады.
Барлық технологиялық қондырғылар штаттық режимге көшіріліп, негізгі және қосалқы өндірістік қуаттар жоспардан бұрын іске қосылды.
6–7 қараша күндері АМӨЗ тәулігіне 16,8 мың тонна мұнай өңдеп, жобалық қуаттылықтың 100%-ын орындады.
Осы кезеңде 10 мың тоннадан астам жанармай өндіріліп, жөнелтілді. Оның ішінде:
- сұйытылған газ,
- АИ-92 маркалы бензин,
- маусымаралық және қысқы дизель отыны бар.
Сұйытылған газдың тәуліктік өндірісі шамамен 700 тоннаны құрайды. АМӨЗ Қазақстандағы сұйытылған газдың жалпы көлемінің 11%-ын қамтамасыз етеді. Зауыттың толық қуаттылықпен жұмыс істеуі өңірлердегі жанармай жеткізілімін тұрақтандыруда маңызды рөл атқаруда.
Қосымша көлемдер бекітілген тарату бағыттары бойынша жөнелтіліп жатыр.
Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін өндіруді арттыру және өңірлердегі жанармай қорын толықтыру жалғасатынын мәлімдеді. Ведомство сұйытылған газ бен бензинмен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр.
«АМӨЗ-дің қайта іске қосылуы жанармай нарығының тұрақтылығын нығайтып, ішкі тұтынушылардың сұранысын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — делінген министрлік хабарламасында.
В Атырау +4