Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда жаяу жүргіншілер өткелі «қауіпті орынға» айналды

254 рет қаралды

Академия маңындағы өтпе жол тұрғындарға қауіпсіздік емес, керісінше алаңдаушылық тудырып отыр.

Өткелдің ішінде жарық нашар, жағымсыз иіс бар, ал қабырғалары балағат сөздерге лық толы.

«Кешке ол жерден өту қорқынышты. Тым қараңғы, жағымсыз иіс бар, ал бұл маңнан көп оқушы өтеді. Қоршауларға әдепсіз сөздер жазылған. Балаларымыз күнде сол өткел арқылы жүреді», — дейді аудан тұрғыны.

Тұрғындар вандализмді тоқтатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өткелге жарық орнатып, қабырғаларды тазалап, бейнебақылау камераларын қоюды талап етуде. 

Айтуларынша, мемлекеттік органдарға шағымдар жолданғанымен, әзірге нәтиже жоқ.

Редакция бұл өткелдің жағдайына кім жауапты екенін және оны қашан ретке келтіретінін білу үшін қалалық ТКШ бөліміне ресми сауал жолдады.

Айгүл МАНСУРОВА

10 қараша, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.