
7 қараша күні сағат 10:15 шамасында Атырау қаласындағы Жұмағалиев көшесінде орналасқан 10 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Ас бөлмеден басталған жалын жиһаз бен тұрмыстық заттарды шарпыған. Жалпы жану аумағы 20 шаршы метрді құрады.
Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында қою түтін арасынан үш адам, оның ішінде үш бала қауіпсіз жерге шығарылды. Сонымен қатар тағы екі адам эвакуацияланды.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмекті Апаттар медицинасы орталығының мамандары көрсетіп, оларды жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Өрт сағат 10:43-те толықтай сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына 10 құтқарушы, 3 техника және АМО-ның 3 қызметкері мен 1 арнайы көлігі жұмылдырылды.
В Атырау +1