Атырау, 5 желтоқсан 09:08
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістер таныстырылды

229 рет қаралды

Атырауға құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің жұмыс тобы келіп, «Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша ақпараттық кездесу өткізді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жиынға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, коммуналдық мекемелер басшылары, мүлік иелері бірлестіктерінің төрағалары, пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Негізгі өзгерістер:

  • 2025 жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұрғын үйді басқару жүйесіне жаңа талаптар енгізілді.
  • Пәтер иелері кооперативі басқару субъектісі ретінде заңды мәртебеге ие болды.
  • Мүлік иелері бірлестігінің құрылымы мен қызметі нақты айқындалды.
  • Бірлестік төрағасының өкілеттік мерзімі үш жылға дейін ұзартылды.
«Жаңа заң — бұл тұрғын үй саласында басқару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Енді барлық жұмыс типтік жарғы негізінде жүргізілуі тиіс, басқа жолмен әрекет етуге мүмкіндік жоқ. Біздің міндетіміз — халыққа бұл өзгерістерді жан-жақты түсіндіру», — деді «ТҮКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ кеңесшісі Марғұлан Әбдікәрімов.

Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық саладағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

7 қараша, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.