
Қазақстанда мұнай өндіру көрсеткіштеріне қатысты мәліметтер тағы да сәйкес келмеді. Үкіметтің баспасөз қызметі 2025 жылы Қарашығанақта 12,4 млн тонна мұнай өндіріледі деп хабарласа, «ҚазМұнайГаз» бұл көлемді 11,2 млн тонна деп көрсетіп отыр. Айырмашылық конденсатты есептеу әдістемесіне байланысты, деп жазады Energy Monitor.
Үкімет мәліметі: 2025 жылы Қарашығанақта 12,4 млн тонна мұнай өндіріледі.
КМГ мәліметі: 2025 жылы Қарашығанақта 11,2 млн тонна мұнай өндіріледі.
Бір ел, бірақ есептеу тәсілі екі түрлі. Мемлекет тұрақсыз конденсатты есепке қосады, ал мұнайшылар тек тұрақтандырылған конденсатты есептейді (түрлендіру коэффициенті – 0,9).
Осындай әртүрлілік салдарынан бізде әрдайым өндіру, экспорт және ішкі тұтыну көрсеткіштері арасында айырмашылық пайда болады.
OPEC+ келісімі бойынша конденсат есепке алынбайды, ал КПО экспорттық баж төлемейді. Сондықтан нақты цифрларды сәйкестендіруге қажеттілік болмай отыр.
Нәтижесінде Қазақстан ресми статистикаға қарағанда жыл сайын шамамен 1,3 млн тонна мұнайды кем өндіреді.
В Атырау +4