Атырау, 4 қыркүйек 03:38
 дождьВ Атырау +21.9
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Атырауда Еркінқала-2 ауылындағы мектеп құрылысына жауапты мердігерге айыппұл салынды

Бейнежазба
639 рет қаралды

Атырау облысында Еркінқала-2 ауылында 600 орындық мектеп салған мердігер құрылыс нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының хабарлауынша, тексеру жүргізуге Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасынан келген хат негіз болған.

Тексеру нәтижесінде құрылыс салу саласындағы заң талаптарының бұзылғаны анықталды. Бас мердігер — «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 315-бабының 1-бөлігі және 316-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында облыс әкімі Серік Шәпкенов аталған мектептің құрылысын аралап, орындалған жұмыстардың сапасына ерекше назар аударуды тапсырған болатын.


6 қараша 2025, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.