«Республикалық бюджет туралы, салық салу мәселелерi бойынша заң жобаларын талқылай отырып, «Ақ жол» партиясының депутаттары аталмыш құжаттарды бiр-бiрiмен тiкелей байланыстыра қарастырып отыр. Оларды бiр-бiрiмен салыстыру бюджеттiң кiрiс бөлiгiндегі салықты арттырып, санкцияларды күшейту арқылы үкiметтiң тұрақты тенденциялары туралы түйiн шығаруға мүмкiндiк бередi», - дедi депутат.
Мәжiлiсмен салыққа қатысты Заң жобасы жалған кәсiпкерлiктің алдын алу сынды бизнеске қажеттi шешiмдердiң бiреуiн де қамтымайды деп есептейдi. Ол Есеп комитетiнiң мәліметіне сәйкес, өткен жылы бюджеттiң 219 млрд теңгесi тиiмсiз қолданылғанын тiлге тиек еттi.
«Шенеунiктердің кесiрiнен келген бюджет шығындарын қарапайым азаматтардың есебiнен толтыру ұсынылып отыр. «Ақ жол» партиясы фракциясы аталмыш заң жобаларына қарсы, себебi бюджетке келетiн түсiмдердi орта тап есебiнсiз де толтыруға мүмкiндiктер бар. Салықты табысы артық азаматтарға көбейту қажет», - деген ойын ортаға салды халық қалаулысы.
«Байлар» Қазақстаннан шет мемлекеттерге миллиондаған, миллиардтаған қаржы шығарып алғанын жұрт бiледi. Бұл құбылыстардың қаншалықты ауқымды екенiндiгiне баға беруге бiздiң мемлекеттiк органдар тырысып та жатқан жоқ», - деп толықтырды Перуашев.
Депутат халықаралық сарапшылар Қазақстаннан оффшорлық аймақтарға 138 млрд доллар қаржы шығарылды деп баға берiп отырғанын да атап өттi.
«Мұның барлығы қарапайым қазақстандықтарға ықпал етiп, елiмiздегi әлеуметтiк теңсiздiктi арттырып отыр. Бiздiң қоғам құқық қорғау органдары неге жемқорларды Қазақстаннан қашып кеткеннен кейін ғана iздей бастайтынын түсiнбейдi. Бұл мәселе Иманбаев, Әблязов, Храпунов тағы да басқаларға қатысты», - дедi мәжiлiсмен.
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесi сыбайлас жемқорларға iздеу салумен шектелмей, Қазақстаннан шетке шығып жатқан қаржының салық жағынан тазалығына ұдайы мониторинг жүргiзудi ұсынды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар қаржы ғана емес, сонымен қатар шынайы еңбекпен, бизнес арқылы түскен қаржы да шығарылуы мүмкiн екендiгiн ескерiп отырмыз. Ондай жағдайда мұндай қаржыдан салық төленуi тиiс, тым болмаса 10% көлемiндегi жеке табыс салығы төленуi қажет»,- дейдi ол.
«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, партия депутаттары Бас прокуратура мен Ұлттық банкке, банк құрылымдары мен оффшорлық аймақтарды бақылаушы органдарға, сонымен қатар Ұлыбритания, Швейцария, Франция мен өзге де мемлекеттерге ондағы банктердегi бiздiң азаматтарымыздың, қазақстандық үкiмет мүшелерi мен мемлекеттiк кәсiпорындар мүшелерiнің жеке шоттары бар-жоқтығын тексеруді ұсынамыз. Қадағалаушы органдар мұндай ақпаратқа қол жеткiзе алмаған жағдайда, «Ақ жол» партиясының фракциясы мұндай депутаттық сауалмен аталған мемлекеттер депуттарына шығуға даяр екендiгiн хабарлайды»,- деп түйiндедi ол.