
Биылдан бастап қазақстандықтар телефонмен сөйлесіп тұрған кезде банк арқылы ақша аудара алмайды. Бұл — Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі енгізген мобильді банктердің ақпараттық қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптардың бірі.
Fingramota.kz мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — банк қызметкеріміз деп алдап, қоңырау шалатын телефон алаяқтарынан қорғау.
Агенттік түсіндіргендей, алаяқтар көбіне клиенттерге хабарласып, «көмекші қосымшаны орнатыңыз» немесе «қаражатты қайтарып береміз» деп сендіруге тырысады. Мақсат — қолданушының телефонына және банк шотына қашықтан қол жеткізу. Жаңа ережелер мұндай мүмкіндікке жол бермейді.
Банк қосымшаларындағы негізгі өзгерістер
- Екі факторлы аутентификация міндетті
- - Жүйеге кіру үшін пароль жеткіліксіз — SMS, push-хабарлама немесе биометрия қажет.
- Биометрия арқылы жеке басын растау
- - Тіркелу немесе құпиясөзді ауыстыру кезінде тұлға ЦОИД арқылы тексеріледі.
- Күдікті әрекет анықталса — автоматты бұғаттау
- Қосымша күмәнді бағдарламаны байқаса немесе қашықтан басқару қосылғанын анықтаса, операцияларды тоқтатады.
- Геолокация бақылауы
- Күдікті аймақтан кіру байқалса, жүйе қосымша тексеру жасайды.
- Барлық байланыс арналары шифрланады
- Кибергигиена бойынша хабарламалар
- Банктер қолданушыларды фишинг және қорғау әдістері туралы ақпараттандыруға міндетті.
2025 жылғы жаңа шаралар
-
Телефонмен сөйлесіп тұрғанда аударым жасалмайды Клиент қоңырауда болса, ақша аудару және басқа да операциялар уақытша бұғатталады — бұл алаяқтардың қысым жасауына жол бермейді.
-
Жаңа телефонда — қайта тексеру
-
Киберқауіпсіздік журналы кеңейеді Банктер күдікті әрекеттер туралы техникалық мәліметтерді сақтайды — бұл қаражатты қайтаруды жеделдетеді.
Агенттік мәліметінше, 2024 жылы жалған қоңыраулар мен жалған қосымшалар арқылы ақша ұрлау әрекеттері күрт көбейген, және көп жағдай дәл телефон арқылы сөйлесу кезінде болған.
«Бұрын қауіпсіздік клиенттің сақтығына байланысты болса, енді бұл процесті технология бақылауға алады», — деп жазады Fingramota.kz.
В Атырау +4