Атырау, 24 қараша 05:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Күш құрылымдарынан кейін енді дәрігерлер жаппай аттестациядан өтпек

7 529 просмотра

Басынан дау арылмаған денсаулық сақтау саласын тағы бір үлкен реформа күтіп тұр. Күш құрылымынан соң енді дәрігерлер де  аттестациядан өтетін болды. Сөйтіп, Денсаулық сақтау министрлігі қатарын науқастарға дұрыс диагноз қоймақ түгілі алғашқы ем-домды көрсете алмайтын біліксіз мамандардан тазартпақ. Бірақ жаппай сынақ 2 жылдан соң басталады. Әйтсе де оған әзірлік басталып  кетті. Гиппократ антына адалдығын дәлелдей алмағандар қызметтерінен қуылмақ.

Ақ халаттыларды аттестациялауды дамыған елдер көптен қолданады  екен. Халықаралық тәжірибе енді бізге де әне-міне енгелі тұр. Қазір Астанада жаңа жоба тәжірибе ретінде қаралып, екі жүзден асатам дәрігер мен мейірбикелер ерікті түрде сынақ тапсырып жатыр.

Дәулетхан Есімов, Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығы директорының орынбасары:

- Сүрінген мамандар осыны тапсырғанша тағы да барып дайындалып келуге жіберіледі. Оған дейін ауруға жіберілмейді, емдеу шаралары жасамайды. Осыны тапсырғаннан кейін сертификат алғаннан кейін ғана емдеуге барады.

Қатысушылар теориялық білімдерін үш жарым сағатта қорғап шығуы тиіс. Ал, қосымша берілген 60 минутта дәрігерлер муляждарға медициналық көмек көрсетуден өнерлерін ортаға салады. Елордадағы тестлеу орталығында қазір нөмері 5-ші емхананың мейірбикелері емтихан тапсыруда.

Гүлназ Құсайынқызы, мейірбике:

- Каньюктома жасадым мен жаңа. Онда науқстың дем ала алмай қалған немесе тамағына бір нәрсе тұрып қалған жағдайда көмек көрсетуді көрсеттім. Әрине қобалжу болды тапсырып жатқан соң.

Бүгінге дейін Астана мен Алматы қалары бойынша екі жүзге жуық дәрігер тест тапсырыпты. Нәтижесі әзірге жаман емес. Алайда, мамандар мейірбикелердің аздап ақсап жатқандарын жасырмады. Мәселен, мына маман медицинадағы ең қарапайым әдіс, адамға жасанды жолмен тыныс беруді де дұрыс меңгермепті.

Ал мына бөлмеде балалар дәрігері сынақтан өтеді. Сценарий бойынша шақалақ шала туылған. Оның бетіндегі мына көк даққа қарағанда. жүрегінде ақау бар деген болжам бар. Сондықтан маман алдымен жүрек қағысын тыңдайды. Содан кейін 10 минуттың ішінде нақты диагноз қойып, алғашқы көмек көрсетуі тиіс. Егер межелі уақытта ауруын анықтай алмаса, сәбиден айырылып қалуы әбден мүмкін.

Жаңа жоба заң жүзінде 2015 жылы енгізілмек. Яғни, бұл екі жылдан кейін еліміздегі ақ халаттылар жаппай емтихан тапсырады деген сөз. Айта кету керек, бастапқыда сынақтан сүрінгендер бірден жазаланбайды. Қайта дайындалуына уақыт беріледі. Ал, дәрігер өз біліктілігін дәлелдегенше аурухана оған жалақы төлемейді. Тек тестті тапсырғанан кейін жұмыс орнына жіберілмек.

Дереккөз: КТК

18 қыркүйек 2013, 09:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.