
Жақын күндері NCOC компаниясының Өндірістік директоратын басқарған Қуанышкерей Мұхтаров өз қызметін тапсырады, деп хабарлайды Petrocouncil.
Қуанышкерей Мұхтаров 1991 жылы Қазан химия-технологиялық институтын бітірген. Ол 20 жылдан астам уақыт Теңіз жобасында еңбек етіп, екінші буын зауыты SGI/SGP-дің іске қосылуына тікелей қатысқан.
Ал NCOC компаниясында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, Қашаған кен орнының іске қосылуына атсалысты.
Осы еңбегі үшін ол «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен және Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Оның басшылығы кезінде «Болашақ» зауытының сенімділік көрсеткіші 99%-ға жетті.
Саланың ардагері ретінде Қуанышкерей Мұхтаров өндірістік тәжірибесі мен команда басқарудағы кәсібилігі үшін мұнай-газ саласында зор құрметке ие.
В Атырау +4