
Қазақстанда табиғи газ өндіру азайып, баға айтарлықтай қымбаттады. Energyprom.kz мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында елде 14,8 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға аз.
Өндірістің негізгі бөлігі дәстүр бойынша Батыс Қазақстан облысына тиесілі — 13,8 млрд текше метр (жалпы көлемнің 93%-ы). Дегенмен мұнда да көрсеткіш 11,2%-ға төмендеген. Газ сондай-ақ Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында өндірілген.
Жарты жыл қорытындысы бойынша отандық компаниялар газға деген сұранысты 55,4% көлемінде ғана қамтамасыз еткен (бір жыл бұрын — 73,6%). Қалған бөлігі импорт есебінен жабылды: кіріс 2,3 есе өсіп, 4,2 млрд текше метрге жетті. Қазақстан газды негізінен Ресей мен Қытайға экспорттады.
2024 жылы Қазақстан табиғи газ өндіру көлемі бойынша әлемде 25-орында болды (29,7 млрд текше метр). Бұл әлемдік қордың небәрі 0,7%-ын құрайды.
Баға өсімі
2025 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша халық үшін газдың бағасы бір айда — 21%-ға, жыл басынан бері — 26,9%-ға, бір жыл ішінде — 27,7%-ға көтерілді.
Ең жоғары өсім Атырау облысында тіркелді: бір айда — 48,9%, жыл басынан — 64,3%, ал бір жылда — 70%. Сондай-ақ Ақтөбе (жылына +51,6%) және Қызылорда (+37,5%) облыстарында да айтарлықтай қымбаттаған.
В Атырау +4