
Атыраудағы дәмханалардың бірінде балалар арасындағы жай ғана ойын үлкендердің жанжалына ұласа жаздады.
Үш жасар қыз бала ойыншық шаңсорғышты қолына алған. Сол сәтте бес жасар қыз оны қайтарып алуға тырысқан. Бірнеше минуттан кейін балалар кері ойнап кеткенімен, бес жасар қыздың анасы жағдайды ушықтырып жіберген. Ол айқайлап келіп, «қызыңызға тәртіп үйретіңіз» деп талап қойып, үш жасар бүлдіршіннен көпшілік алдында кешірім сұрауын сұраған. Тіпті полицияға арыз жазғаны да айтылды.
Алайда Атырау облыстық полиция департаменті аталған өтініш қараусыз қалғанын хабарлады.
— Ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Үш жасқа толмаған балаға қатысты арыз қабылданбайтыны түсіндірілді, — деді ведомстводан.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
В Атырау +2