Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда Президент Жолдауын жүзеге асыру шаралары талқыланды

338 рет қаралды

Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын іске асыруға арналған кеңес өтті. 

Жиынға депутаттар, басқарма басшылары, бизнес өкілдері, азаматтық қоғам белсенділері мен аудан әкімдері қатысты.

Әкімнің айтуынша, Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын стратегиялық құжат. Өңірде цифрландыруға, жасанды интеллектті енгізуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға айрықша мән берілуде.

  • Цифрлық жобалар: «Nazar» жобасы аясында 64 мектепке 2 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды. «Aqyldy Qala» жүйесі қала қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

  • Инвестиция: 2029 жылға дейін құны 7 трлн теңге болатын 46 жоба іске асырылып, 6 мың жұмыс орны ашылады. Мұнай-газ химия саласында 6,5 трлн теңгенің бес зауыты салынуда.

  • Ауыл шаруашылығы: Жерді тиімді пайдалану, агрохабтар мен су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Құрама жем зауыты мен бордақылау алаңы іске қосылды.

  • Көлік инфрақұрылымы: 2024 жылы 300 км жол жөнделіп, сапа көрсеткіші 78%-ға жетті. 2027 жылға қарай әуежайдың өткізу қабілеті 3 млн жолаушыға дейін артады.

  • Экология: Соңғы үш жылда зиянды шығарындылар 24%-ға азайған, «Сасық сай» полигонының 476 гектары рекультивацияланды.

  • Әлеуметтік сала: Жаңа мектептер, медицина және спорт нысандары салынып жатыр. Дәрігерлерге тұрғын үй мен жеңілдетілген несие беріледі.

Кеңесте қоғам өкілдері сөз сөйлеп, Жолдаудағы бастамалардың өзектілігін атап өтті.

Жиынды қорытындылаған Серік Шәпкенов: «Басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен өңірдің тұрақты дамуы. Бұл іске барлығымыз бірге атсалысуымыз қажет», – деді.

12 қыркүйек, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.