
Атырау облысында 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін өтіп жатқан «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша бірқатар шаралар жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен тығыз байланыс орнату мақсатында 28 824 үй мен аула аумағын аралап шықты. Тексеру кезінде 50 заңсыз жалдамалы пәтер анықталды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары нәтижесінде тәртіпке бағынбаған 80-ге жуық жасөспірім тіркелді.
Жалпы іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті бұзған 2000-нан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады.
В Атырау +2