Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда стартап жасауға үйретеді: Atyrau Hub жаңа курсқа қабылдау жариялады

375 рет қаралды

Атыраудағы Atyrau Hub — Astana Hub-тың филиалы. Ашылғанына бір жыл толды. Күн сайын мұнда шамамен 20 жас коворкингке келіп, идеяларын жүзеге асырады. Орында компьютерлер, ноутбуктар, жоғары жылдамдықты интернет және ас бөлмесі бар.

Әкімдіктің қолдауымен 2–3 айлық курстар ұйымдастырылады. Сол курстардан түлеп шыққан жастар жаңа жобалар ойлап табуда. Мысалы, 38 жастағы атыраулық Жеңіс су, газ және жылу есептегіш құралын кішірейтіп, оған жасанды интеллект қосты. Енді бұл есептегіш нақты есептеп, әділ бағаны көрсетеді әрі тексерушілердің жұмысын жеңілдетеді. Жобаға демеуші табылып, алдағы уақытта ел нарығына шығарылуы жоспарланып отыр.

Atyrau Hub-тағы курстарға қатысу арқылы сіз де заман талабына сай жаңа мамандықты игере аласыз. Қатысу үшін жасыңыз 16 жастан асуы қажет. Қазір жаңа курстарға тіркеу жалғасып жатыр.

11 қыркүйек, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.