Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Тақиялы періште» қойылымы Атырау Жастар театрының жаңа маусымын ашады

414 рет қаралды

Атырау облыстық Жастар театры жаңа маусымын Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» музыкалық комедиясымен ашты. Премьера 11–12 қыркүйек күндері театр сахнасында өтті. Бұл туралы театр өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Көркемдік жетекші Мұқанғали Томанов жаңа қойылымның ерекшелігіне тоқталып, шығарманың қазақ киносының інжу-маржаны екенін атап өтті. Ол қойылымда ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтары әзіл мен музыка арқылы көрерменге жеткізілетінін, Тайлақ пен Тананың бейнесі арқылы жас ұрпаққа адалдық пен шынайы сезімнің маңыздылығы көрсетілетінін хабарлады.

Театр директоры Әміржан Нұрланұлы бұл премьераны жастар театры үшін айрықша қадам деп бағалап, музыкалық комедия жанрының репертуарға енуі көрермен қызығушылығын арттыратынын айтты.

Қойылымда Тананың рөлін сомдаған актриса Тұрсынгүл Аманғалиева образды ашудың ерекшелігін бөлісті. Ол Тананың ұлын шексіз жақсы көретін, бірақ кейде мейірімін артық көрсетіп қоятын кейіпкер екенін, бұл образ арқылы қазақ әйелінің отбасы үшін жан аямайтын жүрегін көрсетуге тырысқанын атап өтті.

«Тақиялы періште» премьерасы Атырау көрермендері үшін жаңа маусымның басты мәдени оқиғасына айналды. Көрермен қызығушылығының артуына байланысты премьера тағы бір күнге ұзартылды.

11 қыркүйек, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.