Атырау, 15 наурыз 10:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

QazaqGaz бен Shell газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты

505 рет қаралды

"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Қазақстандағы Shell концернінің аға вице-президенті және төрағасы Сюзанн Куганмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар газ саласындағы ынтымақтастықтың болашақ қадамдарын, бірлескен жобаларды кеңейту және геологиялық барлау тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

«Қазақстанның газ саласын дамыту – ел экономикасы үшін маңызды. Біз серіктестерімізбен өзара тиімді шешімдер іздеуге және жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға дайынбыз», – деді Ә. Жамауов.

Кездесу соңында Shell өкілдері QazaqGaz компаниясын 25 жылдығымен құттықтап, ұлттық газ саласының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады.

11 қыркүйек 2025, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.