Атырау, 5 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында мектеп оқушыларына газды сусындар мен тәттілер сатылмайды

Бейнежазба
402 рет қаралды

Жаңа оқу жылынан бастап Атырау облысындағы мектеп асханаларында газды сусындар мен тәттілер сатылмайды. Оның орнына оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай құнарлы тағамдар ұсынылады. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Мысалы:

  • 7–10 жас аралығындағы балаларға ет порциясы – 70 г,

  • 11–15 жасқа – 90 г,

  • 16–18 жасқа – 100 г. Көкөніс пен қосымша тағамдар 130–180 г аралығында беріледі. Сондай-ақ балаларға 200 мл итмұрын сусыны, алма немесе маусымдық жемістер, 30–50 г қара бидай мен бидай наны ұсынылады.

Бір реттік тамақтанудың орташа құны – 720 теңге.

Бұл шара оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге және олардың денсаулығын қорғауға бағытталған.


11 қыркүйек, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.