Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Исатайда жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын

248 рет қаралды

Исатай ауданында алдағы жылыту маусымына жоспарланған 30 жобаның 28-і толық аяқталған. Қамысқала ауылдық округіндегі су тазарту ғимаратына сорғы орнату жұмыстары қыркүйек айында аяқталуы жоспарлануда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейісовтың айтуынша, 58 әлеуметтік нысан қысқы маусымға дайындық үстінде, оның ішінде 34 білім беру ұйымы бар.

«Аққыстау ауылындағы мектептер, балабақшалар, көпқабатты үйлер мен қазандықтар, сондай-ақ электр генераторлары тексерілді. Бақылау барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, қысқы кезеңде қиындық тудырмауы үшін тиісті тапсырмалар берілді», — деді Н. Жампейісов.
11 қыркүйек, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.