Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АҚШ белсендісі Чарли Кирк қарулы шабуылдан қаза тапты

271 рет қаралды

Федералдық тергеу бюросы (ФБР) хабарлағандай, АҚШ-тың танымал консервативті белсендісі Чарли Киркке жасалған шабуылға күдікті ретінде ұсталған адам кейіннен тергеуден кейін босатылды, деп хабарлайды АА.

АҚШ-тың танымал консервативті белсендісі Чарли Кирк Юта штатының Юта-Вэлли университетінде ашық аспан астында сөз сөйлеп жатқан кезде қарулы шабуылдан қаза тапты.

ФБР хабарлағандай, алғашқыда күдікті ретінде ұсталған адам кейін тергеуден босатылған. Директоры Каш Пател тергеу жалғасып жатқанын және нақты қылмыскерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп бейнехабарлама арқылы Кирктің қазасына көңіл айтып, бұл күнді Америка үшін «қаралы күн» деп сипаттады. Ол Чарли Кирк көптеген жас америкалықтарға шабыт бергенін және үлкен патриот болғанын атап өтті. Трамп сондай-ақ саяси зорлыққа жол бермеу қажеттігін айтты және барлық мемлекеттік ғимараттарға 14 қыркүйекке дейін ту түсіруді бұйырды.

Бұл туралы Дональд Трамп Truth Social парақшасында:

«Ұлы, тіпті аңызға айналған Чарли Кирк көз жұмды. Америкада жастарды оның жүрегімен түсінетін адам болмады. Чарли, біз сені жақсы көреміз» – деп жазды.

Юта штатының губернаторы Спенсер Кокс оқиғаны «саяси кісі өлтіру» деп атады. Куәгерлердің айтуынша, атыс жасаған адам қара киім киген және мүмкін шатырдан оқ атқан.

Чарли Кирк – Turning Point USA ұйымының негізін қалаушы, студенттер арасында консервативті идеяларды насихаттаған белсенді. Оның әлеуметтік желілердегі жазылушылары 10 миллионнан асады. Жас буын арасында танымалдығы арқасында ол 2024 жылғы президент сайлауында Трамптың жеңісінде елеулі рөл атқарған.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху трагедияға байланысты Кирк үшін дұға жасайтынын айтты.

11 қыркүйек, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған