Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Облыс әкімі Экология департаменті ғимаратын жөндеуді аяқтауды тапсырды

Бейнежазба
375 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Экология департаментінің әкімшілік ғимаратында болды.

Бұл ғимарат 1978 жылы салынып, 2024 жылы қайта жаңғырту жұмыстары басталған. Жобаның биыл мамырда аяқталуы жоспарланғанымен, қазіргі уақытта тек шамамен 70%-ы орындалған. Жөндеуді мердігер ретінде «ЭКО ПЛАСТ» ЖШС жүзеге асыруда.

Ғимаратта бұрын экологиялық сынамалар мен талдаулар жасалатын зертхана болған. Жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы нәтижесінде сынамаларды басқа ұйымдарға, тіпті өзге өңірлерге жіберуге мәжбүр болып отыр. Бұл экологиялық инциденттер кезінде жедел әрекет етуге кедергі келтіруде.

Әкім жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, оның аяқталу мерзімін негізсіз созған қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.


11 қыркүйек, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.