
Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мен өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Мақат ауданында жаңа форматтағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу рәсімі өтті. Жаңа орталық тұрғындарға 600-ден астам мемлекеттік қызметті жедел әрі сапалы алуға мүмкіндік береді.
Аудан әкімі Азамат Мәмбетов салтанатта бұл орталық – мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтатын, азаматтарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсететін маңызды нысан екенін атап өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Руслан Жарқынбекұлы жаңа ғимарат заман талабына сай, жайлы қызмет көрсететінін жеткізді. Орталықтың салтанатты ашылу рәсімінде Руслан Жарқынбекұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменұлы лентасын қиды.

Жаңа ХҚКО-да электронды кезек жүйесі, цифрлық қызмет көрсету бұрыштары, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған толық жағдай қарастырылған. Сонымен қатар, заманауи жобалар енгізілген: Paper free – қағазсыз қызмет, Smart services – жасанды интеллектке негізделген кеңес беру және мобильді ХҚКО жобалары.
Мақат ауданында заманауи Халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Жаңа орталық тұрғындарға 600-ден астам мемлекеттік қызметті жедел әрі сапалы алуға мүмкіндік жасайды.
ХҚКО ішінде электронды кезек жүйесі, цифрлық қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толық жағдай жасалған.

Сонымен қатар мұнда заманауи жобалар енгізілуде:
-
Paper free – қағазсыз қызмет көрсету,
-
Smart services – жасанды интеллектке негізделген кеңес беру,
-
Мобильді ХҚКО – шалғай ауыл тұрғындарына ыңғайлы қызмет көрсету.Жаңа орталық аудан тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
В Атырау +2