
13 қыркүйекте Атырау қаласында көптен күткен ірі спорттық және туристік шара – «Tour de Saraishyq 2025» велошеруі ұйымдастырылады.
Велошеру тарихы терең Сарайшық музей-қорығынан басталып, қала көшелері мен әсем көпірлер арқылы өтіп, Infinity Mall аумағында мәреге жетеді.
Уақытша жол шектеулері:
-
Атырау – Махамбет трассасы – 08:00-ден 10:00-ге дейін жабылады.
-
Қала көшелері – 10:00-ден 13:00-ге дейін велошеру бағытына сәйкес кезеңдеп шектеледі.
Маршрут өтетін көшелер:
-
Исатай Тайманов көшесі
-
Сұлтан Бейбарыс көшесі
-
Әбілхайыр хан даңғылы
-
Авангард шағын ауданы
-
Жилгородок ауданы
-
Азаттық көшесі
-
Махамбет Өтемісұлы көшесі
-
Қаныш Сәтпаев көшесі
Маңызды ескерту: барлық көшелер бір уақытта толық жабылмайды. Қозғалыс велошеру бағытына байланысты кезеңдеп тоқтатылады.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын алдын ала қозғалыс бағыттарын жоспарлауға және көрсетілген уақыт аралығында жол қозғалысына байланысты өзгерістерді ескеруге шақырады.
В Атырау +2