Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау ТЖД мектептердің жабылуы туралы қауесетті жоққа шығарды

173 рет қаралды

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Атырауда «лаңкестік қауіпке байланысты оқу орындарының жұмысы тоқтатылды» деген хабарлама тараған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ресми түрде бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын, жалған ақпарат екенін хабарлады.

«Аталған ақпаратты ешбір мемлекеттік орган таратқан жоқ. Халық арасында дүрбелең мен алаңдаушылықтың алдын алу мақсатында азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», – делінген ведомствоның мәлімдемесінде.

11 қыркүйек, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.