
Атырау әкімдігі қаладағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілетінін хабарлады.
Атырау қаласында орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 11 қыркүйектен бастап Атырау–Орал тас жолының теміржол көпірінен бастап, Тайманов даңғылының айналма жолына дейінгі учаскенің бір жақ бөлігі уақытша жабылады.
Жол-патрульдік қызметі жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
В Атырау +2