Атырау, 12 тамыз 05:22
 дождьВ Атырау +23.8
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

Атырауда браконьерлерге қарсы ауқымды операция басталды

487 рет қаралды

10 қыркүйектен бастап Жайық-Каспий бассейні аумағында жыл сайын өтетін «Бекіре-2025» жедел-алдын алу іс-шарасының күзгі кезеңі басталды. Ол 31 қазанға дейін жалғасады.

Іс-шара барысында арнайы мобильді топтар құрылып, автожолдарда, вокзалдарда, станцияларда, жолаушылар пойыздарында және базарларда бақылау күшейтіледі. Негізгі мақсат – балық пен балық өнімдерін заңсыз өндіру, тасымалдау, сатып алу және сатудың алдын алу.

Құқық қорғау органдары облыс тұрғындарынан жедел іс-шара кезінде қызметкерлердің заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды.

10 қыркүйек 2025, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.