Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулықтарға мүлік салығын төлеу мерзімі еске салынды

289 рет қаралды

Атырау қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімінің жақындағанын еске салды. 

Төлемді соңғы мерзім 2025 жылғы 1 қазанға дейін жасау қажет.

Салық төлеуге кімдер міндетті? 

Мүлік салығы мына объектілерге иелік ететін жеке тұлғаларға салынады:

  • тұрғын үйлер мен пәтерлер;

  • жазғы үй-жайлар (саяжайлар);

  • гараждар;

  • өзге де жеке меншіктегі ғимараттар, құрылыстар мен бөлмелер.

Мерзімінен кешіктірген жағдайда:

  • 2 қазаннан бастап борышкерлерге қарыз туралы хабарламалар жіберіледі;

  • Қарыз бір айлық есептік көрсеткіштен асса, 30 жұмыс күні ішінде мәжбүрлеп өндіріп алу туралы шешім шығарылады және әрбір күнге өсімпұл есептеледі.

Салықты төлеу жолдары:

  • e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы;

  • Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында: kgd.gov.kz;

  • Электронды үкімет порталы: egov.kz;

  • Екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы.

Мемлекеттік кірістер департаменті Атырау қаласының тұрғындарын салық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырып, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен өсімпұлдан аулақ болуға кеңес береді.

10 қыркүйек, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.