Атырау, 25 желтоқсан 16:31
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Польшада әуе кеңістігінің бұзылғаны және дрондардың атып түсірілгені хабарланды

264 рет қаралды

Польша премьер-министрі Дональд Туск елдің әуе кеңістігінің бұзылғанын және бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады. Ол бұл туралы АҚШ компаниясы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды АА.

«Мен НАТО Бас хатшысына қазіргі жағдай мен біздің әуе кеңістігімізді бұзған объектілерге қатысты қабылданған шаралар туралы хабарладым. Біз тұрақты байланыстамыз», – деп жазды Туск.

Бұған дейін премьер-министр Польша Қарулы күштерінің жедел қолбасшылығынан қызметінен әуе кеңістігіне кірген және қауіп төндіруі мүмкін дрондардың атып түсірілгені туралы есеп алғанын мәлімдеген. «Операция жалғасуда», – деді ол.

Сонымен қатар, Польша полициясы атып түсірілген дронды тапқанын хабарлады.

«10 қыркүйек күні таңғы 5:40-та (Мәскеу уақытымен 6:40) Чоснувка ауылында полиция зақымдалған дронды тапты. Біз тиісті органдарға хабарладық», – делінген Люблин воеводствосы полициясының хабарламасында.

Айта кетейік, 10 қыркүйектің түнінде бүкіл Украина аумағында әуе қауіпсіздігі дабылы іске қосылған.

10 қыркүйек, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.