Атырау, 5 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мектепке жол жиегімен: Көкарна тротуар жобасына енбей қалған

249 рет қаралды
Видеодан стоп кадр

Көкарна ықшамауданында оқушылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, күн сайын көліктердің арасымен өтеді. Ал қала билігі бұл жағдайға аса алаңдамайтын сияқты.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Тілек Махуовтың ресми жауабында Көкарнаның 186 шақырым тротуар құрылысы жоспарына енгізілмегені нақты айтылған. Яғни ешқандай жұмыс жүргізілмеген, тендер жарияланбаған, мердігер анықталмаған.

Бұл өрескел әділетсіздікті әкімдік «көбірек жасанды кедергілер орнатамыз» деген уәдемен жуып-шаюға тырысты.

«Көкарна ықшамауданының көшелері жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін келесі тізімге енгізіледі», – делінген ресми жауапта. Бірақ нақты қашан екені көрсетілмеген.

Тротуардың орнына мұнда жол белгілері орнатылады деп уәде берілген.

Ал әзірге Көкарнаның балаларына осы оқу жылында да, мүмкін келесі жылда да көлік жолымен жүріп, барынша абай болудан басқа амал қалмай тұр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

10 қыркүйек, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.