
Жылыой аудандық ауруханасында бірқатар күрделі оталар сәтті өтіп, науқастардың жайы жақсара түсті.
Бұл жолы күрделі лапароскопиялық және гинекологиялық оталар жасалды. Атап айтқанда науқастың жатырын қосалқыларымен бірге толық алып тастау, лапароскопия, яғни екіжақты түтікшелерді алу, жабысқақтарды ажырату, екіжақты және сол жақтағы параовариялық түзілісті алып тастау жүрді. Диагностикалық лапароскопия, пектопексия (жатырды бекіту) қолданылды.
- Барлық оталар замануи медициналық жабдықтармен, жоғары кәсіби деңгейде жасалған болатын. Жалпы науқастардың жағдайы тұрақты,-дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Асұлан ӘБДІРАХМАНОВ.
Операциялық бригада құрамында білікті дәрігерлер болды. Атап айтқанда, АОПЦ директоры Қазбек ЕРМАҒАНБЕТОВ, акушер гинеколог Талғат КАПАКОВ, анестизиолог-реаниматолог Алишер АБАТОВ, акушер гинеколог Руслан АЙКЕНОВ, операциялық мейірбике Жанар КУМИСБАЕВЛАР еді.
Жылыой ауданында жоғары технологиялық медициналық көмек қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай операциялар үшін тұрғындарға ұзақ жол жүріп, қосымша шығын шығаруға тура келетін. Енді күрделі медициналық көмекті аудан орталығында-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +2