
Атырау облысында ҚР Материалдық емес мәдени мұралары бойынша ЮНЕСКО сарапшысы Меруерт Құрманғалиева қатысқан жұмыс тобының отырысында Атырау өңірінен халықаралық тізімге жаңа мәдени элемент енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі таңда елімізде ЮНЕСКО-ға тіркелген 78 материалдық емес мәдени элемент бар. Жұмыс тобы өңірдің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, «Кербез қыз» дәстүрін тізімге қосу жөнінде ұсыныс жасады.
– «Кербез қыз – бұрынғы заманда сән мен мәдениетті қалыптастырып отырған тұлға. Соңғы кербез қыз ретінде Роза Бағланованы білеміз, ал бүгінгі таңда бұл дәстүрді жалғастырып жүрген әйелдердің Атырауда барын көріп отырмын», – деді Меруерт Құрманғалиева.
Сонымен қатар, отырыста Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Атырау облысының әкімдігі арасында материалдық емес мұраларды сақтау мақсатында меморандумға қол қойылғаны хабарланды.
В Атырау +2