
Атырау тұрғыны Марина Малышева халықаралық «Әлемнің 7 жанартауы» бағдарламасы аясында санаулы жандарға қолжетімді жетістікке қол жеткізді: барлығы 20 күн ішінде ол екі жанартауды бағындырды.
Алдымен Марина Ресейдегі Эльбрустың Шығыс шыңына (5621 м) көтерілді. Содан кейін Азиядағы ең биік жанартау Ирандағы Дамавандқа (5610 м) шықты. Осылайша, ол «Эльбрус тәжін» толық жауып шықты, өйткені бұған дейін Эльбрустың Батыс шыңына да көтерілген болатын.
– «Әрбір шыңға шығу – қаланың да, елдің де беделі. Бұл оқиғаны мыңдаған адам бақылап отырады. Біздің қалада альпинизм кең таралмағанымен, тауда әртүрлі елдерден келген адамдармен танысып, өз еліңді таныстырудың қандай керемет әсер беретінін білсеңіз ғой», – дейді спортшы.
Ол «Алда одан да биіктіктер күтіп тұр!» деп, қысқа әрі әсерлі сөзбен аяқтады.
«АЖ» анықтамасы
«Әлемнің 7 жанартауы» бағдарламасы – халықаралық альпинистік челлендж, «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасының аналогы. Мақсат – әр континенттегі ең биік жанартауға шығу.
Әлемнің жеті жанартауы:
-
Эльбрус (5642 м, Еуропа, Ресей)
-
Килиманджаро (5895 м, Африка, Танзания)
-
Пико-де-Орисаба (5636 м, Солтүстік Америка, Мексика)
-
Охос-дель-Саладо (6893 м, Оңтүстік Америка, Чили–Аргентина)
-
Дамаванд (5610 м, Азия, Иран)
-
Гилуве (4367 м, Австралия және Океания, Папуа–Жаңа Гвинея)
-
Сидли (4285 м, Антарктида)
Бүгінгі таңда әлемде бұл бағдарламаны толық аяқтаған альпинистердің саны бірнеше ондаған ғана.
Анастасия Шерстянкина
Сурет пен видео Марина Малышеваның жеке парақшасынан алынды
В Атырау +2