
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газына (СМГ) ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуді жүзеге асыруда. Үкімет отырысында министр Ерлан Ақкенженов Жолдауда айтылған міндеттерді орындау шаралары туралы баяндады.
СМГ тек жанармай ретінде ғана емес, сонымен қатар мұнай-химия өнеркәсібі үшін стратегиялық шикізат болып табылады. Халықты және өнеркәсіптік тұтынушыларды үздіксіз қамтамасыз ету үшін министрлік СМГ-ны тауар биржаларынан тыс жеткізудің тоқсан сайынғы жоспарын әзірлейді.
«Бекітілген жоспарға сәйкес, 10 зауыттан өндірілетін 130–140 мың тонна сұйытылған газ ай сайын өңірлерге таратылады. Мұнай-химия өнімдерін өндіретін кәсіпорындарға бөлек көлемде жеткізіледі. Сонымен қатар, 2026 жылдың соңынан бастап Қашаған кен орнындағы «Болашақ» зауытынан 455 мың тонна СМГ коммерциялық және мұнай-химия жобаларына бағытталады», – деді Ерлан Ақкенженов.
Қабылданған шаралар ішкі нарықты тұрақтандырып қана қоймай, сонымен қатар СМГ өңдеуді дамытуға, газ-химиялық өңдеуді тереңдетуге және саладағы қосылған құнды арттыруға мүмкіндік береді.
В Атырау +4