Атырау, 25 желтоқсан 12:50
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Қазақстан көмірсутектерді терең өңдеу мен энергия көздерін жаңғырту жобаларын күшейтеді

378 рет қаралды

Президенттің 2025 жылғы Жолдауын жүзеге асыруға арналған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі көмірсутегі шикізатын терең өңдейтін бірқатар озық жобаларды іске асыру қажеттігін атап өтті. 

Атап айтқанда, Атыраудағы газ-химия кешенін және Павлодарда сұйытылған табиғи газды өңдейтін кәсіпорынды іске қосу жоспарланған.

Премьер-министр барлық жобаларды белгіленген мерзімде уақтылы іске қосу үшін шаралар қабылдауды тапсырды.

«Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, екі ай ішінде жаңа инвестициялық жобалар үшін газды ұзақ мерзімді кепілді түрде жеткізуді қамтамасыз ету тетігін әзірлесін», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, елімізде энергия көздерін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталған. Инвесторлардың қатысуымен ірі жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде алғашқы атом электр станциясының құрылысы бар.

Премьер-министр энергетикалық объектілерді белгіленген мерзімде іске қосу, сондай-ақ көмір энергетикасында қоршаған ортаны сақтайтын озық технологияларды қолдануға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

9 қыркүйек, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.