Атырау, 5 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда мектеп мұғалімі алаяқтық жасады деп айыпталып отыр

371 рет қаралды
Сурет ChatGPT арқылы жасалған

Атыраудағы №37 орта мектептің ата-аналары мұғалімді алаяқтық жасады деп айыптады. Олардың айтуынша, педагог ата-аналардың сеніміне кіріп, «грантқа орналастырамын» деп уәде беріп, осы желеумен олардан ақша мен зергерлік бұйымдар алған.

Бір топ ата-ана ресми шағым түсіріп, мұғалімнің өз қызметін жеке мүддесіне пайдаланғанын мәлімдеді.

- Баламызды кімге сеніп тапсыра аламыз? Мектеп ішінде осындай жағдай болып жатқанда тәрбие, білім туралы не айтуға болады? – деді наразы болды ата-аналар.

Олар мұғалімді дереу жұмыстан шығаруды және қалалық прокуратура, полиция және білім басқармасын жағдайға бақылау жасап, істі сотқа жеткізуді талап етуде.

Ата-аналар қауымы балалардың тағдырына салғырт қарауға жол бермейтінін айтып, егер фактілер расталса, кінәлі тұлға қатаң жазалануы тиіс деп отыр.

Білім басқармасы әзірге пікір білдірмеді. Ал полиция департаменті:

- Осы факт бойынша «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді, – деді.

Айгүл МАНСУРОВА

8 қыркүйек, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.