Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Аяқ-қолым жоқ екенін қалай дәлелдей аламын?»

674 рет қаралды

62 жастағы Атырау тұрғыны Марат Мұханбеталиев бір жылдан астам уақыттан бері электрлік мүгедек арбасын алуға тырысуда, бірақ әр жолы дәрігерлік-еңбек комиссиясы беруден бас тартып отыр.

2010 жылғы 15 қарашада ол жұмыстан қайтып келе жатып, тепловоз астына түсіп қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды, бірақ қолы мен аяғы ампутацияланды. Сол кезден бастап Марат ауыр мүгедектікпен өмір сүріп келеді.

Бастапқыда оған тек екінші топ мүгедектігі тағайындалған. Төрт жыл бойы комиссияның табалдырығын тоздырғаннан кейін ғана бірінші топқа қол жеткізді. Тек жалға алған үй иесі Астанаға оның жағдайын суретпен жібергеннен кейін шешім бір аптада қабылданды.

Бюрократиялық кедергі

Қазір ол қайтадан осындай жағдайда қалды. Денсаулығы айқын көрініп тұрғанына және бірінші топтағы мүгедектігіне қарамастан, комиссия электрлік арба беруден бас тартқан.

- Бір жарым жыл бойы кабинеттерді аралап келемін. Біресе поликлиникаға, біресе кері келем. ВТЭК «берілмейді» дейді. Құжаттар дұрыс толтырылмаған деп айтады, бірақ олай емес. Травматолог қарап шықты, медициналық тексеруден өттім – нәтиже жоқ. Шаршадым, – дейді Марат.

Жақында Мараттың мәселесі оның қатысуынсыз қайта қаралды. Шешімде ол денсаулығына байланысты келе алмағаны айтылған. Бірақ Марат ешқандай шақырту алмағанын және келе алатынын айтты.

- Демек, бәрін менің қатысуымсыз шешіп қойған. Ал мен тіпті жиналыс өтетінін білмедім, – деп наразылық білдірді ол.

Арбадан бөлек, Марат тіпті памперс секілді қарапайым күтім құралдарын да ала алмаған. Оларды тек астаналық құрылымдар арқылы ғана алған.

Редакция Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау комитетінің департаментіне сауал жолдады. Ведомство түсіндіргендей, мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен, оның ішінде электрлік арбалармен қамтамасыз ету жеке оңалту бағдарламасы мен МСЭ комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі. Мұханбеталиевтің жағдайында департамент деректері бойынша электрлік арбаны қолдануға қарсы көрсетілімдер анықталған, сондықтан комиссия оны беруді ұсынбаған. Алайда азаматқа белгіленген тәртіппен шағымдану құқығы берілген.

Мен енді кабинеттен кабинетке жүгіре алмаймын. Қол-аяғым жоқ екенін қалай дәлелдеуге болады? Міне… олар жоқ қой. Көрсін, – дейді Марат.

Айгүл МАНСУРОВА

29 тамыз, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.