
Қазақстандағы мұнай-газ саласының 2025 жылғы ең ықпалды адамы болып, KazService мұнайсервис компаниялары одағының нұсқасы бойынша, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов танылды. Бұл туралы «Нефть и газ Казахстана» телеграм-каналы хабарлайды.
Одақ сарапшыларының пікірінше, екінші орында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев, ал үшінші орында қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені, «PSA» ЖШС өнімді бөлу келісімдеріндегі елдің өкілетті органының басшысы Бекет Избастин тұр.
Өткен жылы ең ықпалды үштікке энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев, «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов және Тимур Құлыбаев енгкірген еді. Сол кезде Бекет Избастин төртінші орын алған.
Айта кететін жайт, 2025 жылғы рейтингте 5-шіден 7-ші орынға дейін энергетика вице-министрлері орналасса, «ҚазМұнайГаз» басшысы 8-ші орынға төмендеген.
В Атырау +4