Атырау, 23 шілде 06:51
 дождьВ Атырау +23.3
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Польшада халықаралық авиашоуға дайындық кезінде F-16 ұшағы құлады

782 рет қаралды

Польшада осы демалыс күндері өтетін халықаралық авиашоуға дайындық барысында F-16 жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды АА.

PAP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға елдің орталығындағы Радом қаласында болған.

«Радомда қайғылы жағдай орын алды. Авиашоуға дайындық кезінде F-16 жойғыш ұшағы құлады. Өкінішке қарай, ұшқыш қаза тапты», – деп мәлімдеді Польшаның үкімет өкілі Адам Шлапка әлеуметтік желідегі парақшасында.

Апат орнына Польша Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш барды. Ұшақ құлау дерегі бойынша тергеу басталды.

29 тамыз 2025, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.