Атырау, 4 қыркүйек 19:20
 дождьВ Атырау +30.4
$ 455.86
€ 528.84
₽ 5.25

Атырауда күзде ауа райы қандай ​болады?

1 101 рет қаралды

«Қазгидромет» Қазақстан аумағында 2025 жылдың қыркүйек–қараша айларындағы маусымдық ауа райы болжамын жариялады.

Қыркүйектегі ауа райы

Атырау облысында орташа ауа температурасы +16,5…+18,6 °C болады, бұл көпжылдық көрсеткіштерден 1° жоғары. Қыркүйекте жауын-шашын нормадан аз түсіп, 7–16 мм шамасында болады.

Қазандағы ауа райы

Атырау облысында орташа ауа температурасы нормадан жоғары болып, +7,9…+10,2 °C құрайды. Қазандағы жауын-шашын мөлшері норма шамасында – 11–21 мм.

Қарашадағы ауа райы

Қазақстан аумағындағыдай Атырау облысында да орташа ауа температурасы нормадан жоғары болады – –1,1…+2,0 °C. Жауын-шашын мөлшері норма шамасында – 10–18 мм.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

28 тамыз 2025, 22:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.