
Атырауда «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалының ұйымдастыруымен халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Халық үні» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жоба елді мекендердегі ауызсу мәселелерін шешу үшін қоғамдық мониторинг жүргізуге, диагностика жасауға және билік пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған. Ол «Ауызсу» (2002–2010), «Ақ бұлақ» (2011–2020), «Нұрлы жер» (2019–2025) бағдарламалары және партияның «Әрбір елді мекенге – таза ауызсу» тармағы аясында жүзеге асырылып келеді. Атырау облысында тұрғындардың 99,9%-ы таза ауыз сумен қамтылған.
Тамыз айында Еркінқала селолық округінде өткен мониторинг пен көшпелі кездесулерде ауызсудың сапасы мен тұрақтылығына қатысты бірнеше мәселе анықталды.
- Атырауда «жазғы су құбыры» (саяжайға, бақшаға, көгалдарға арналған бөлек техникалық су жүйесі) шынымен өзекті мәселе. Қазір «Жазғы су құбырын»салуға жобалық-сметалық құжат дайындалып, келесі жылға бұл сұрақ өз шешім табады, - деді қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Маулен Саламатов.
Дөңгелек үстелге жергілікті атқарушы орган өкілдері, коммуналдық кәсіпорындар мен су арна мамандары, сарапшылар және қоғам белсенділері қатысты. Басқосуда жиналған мәліметтер таныстырылып, ауызсудың сапасы мен қолжетімділігіне қатысты өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдары талқыланды.
В Атырау +2