Атырау, 6 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында диабетпен ауыратын науқастар саны артты

631 рет қаралды
Көрнекі сурет

Соңғы бір жарым жыл ішінде Атырау облысында бірінші және екінші типтегі қант диабетімен ауыратын жүздеген науқас есепке алынды.

«Ақ Жайық» сауалы бойынша Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы хабарлағандай, диспансерлік есеп деректері бойынша 2024 жылдың соңында бірінші типтегі диабетпен 1 070, екінші типтегі диабетпен 14 226 адам есепте тұрған. 2025 жылдың 22 тамызына қарай бұл көрсеткіштер 1 215 және 15 023 науқасқа жетті.

Орталық мамандары қант диабетін бақылау және емдеу қызметтері тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне кіретінін және сақтандырылған немесе сақтандырылмағанына қарамастан, барлық науқасқа көрсетілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімін қайта қараған. Қант диабеті ресми түрде осы мәртебесін сақтағанымен, оның қаржыландырылуы енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшірілді.

Демек, балалар, зейнеткерлер, мүгедектер және ауруы асқынған науқастар мемлекеттік қаражат есебінен көмек алуды жалғастыра береді. Ал жеңілдігі жоқ еңбекке қабілетті ересектерде енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) болуы қажет, әйтпесе тегін дәрі-дәрмектерге қол жеткізу қиын болуы мүмкін.

Министрлік халықты тыныштандырса да, науқастар алаңдаулы

Ведомство мәлімдегендей, науқастар зардап шекпейді: диабетті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшіру жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, заманауи дәрі-дәрмек пен тұтыну материалдарын сатып алуға мүмкіндік береді.

Дегенмен, Атырауда және ел бойынша алаңдаушылық білдіретіндер бар. «Диабет – өмір бойына қойылатын диагноз. Егер адамда сақтандыру болмаса, не істеу керек?» – дейді тұрғындар.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 535 мыңнан астам диабет науқасы тіркелген. Жыл сайын диабетке арналған дәрі-дәрмектерді сатып алуға шамамен 45 миллиард теңге жұмсалады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

28 тамыз, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.