Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда есірткі сайттарын жарнамалайтын жазулар жойылды

591 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Тәуелсіз өмір» жастар қозғалысымен бірлесіп қала аумағында есірткі сайттарын жарнамалайтын граффити жазуларды жойды.

Акцияның негізгі мақсаты – есірткі мен психотроптық заттарды насихаттауға жол бермеу, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Жыл басынан бері осындай бірлескен іс-шаралар нәтижесінде 70-тен астам заңсыз граффити өшірілген. Мамандардың айтуынша, бұл жазулар жастар мен жасөспірімдерді теріс жолға итермелеуі мүмкін.

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелер есірткі қылмысына қарсы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Полиция тұрғындарды есірткі жарнамасына қатысты кез келген күмәнді деректерді хабарлауға шақырады.

Егер қала аумағында осындай жазуларды байқасаңыздар, дереу 102 нөміріне немесе есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 98-21-55 және облыс әкімдігінің білім басқармасының 27-03-92 сенім телефондарына хабарласуға болады.

28 тамыз, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.