Атырау, 6 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сот Атыраудағы «Таңба» баспаханасының заңсыз құрылысын бұзуға шешім шығарды

608 рет қаралды

Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы Қ.Сәтпаев көшесі №18 мекенжайында орналасқан «Таңба» баспаханасына тиесілі аумақта жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында өлшемі 2,5х2,35 метр болатын контейнерлік типтегі қосымша құрылыстың тиісті рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша меншік иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 319-бабы негізінде хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

2025 жылдың 5 тамызындағы №2312-25-00-3а/290 сот қаулысына сәйкес, заңсыз тұрғызылған контейнерлік құрылыс нысанын мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім қабылданды.

28 тамыз, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.