Атырау, 6 желтоқсан 00:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау – Еңбек даңқы қаласы атанды

609 рет қаралды
Сурет: Википедия

Құрметті атақ беру туралы шешім жаздың басында қабылданғанына қарамастан, ресми органдар осы уақытқа дейін ешқандай ақпарат беріп отырған жоқ.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) Атқарушы комитетінің мәліметінше, 26 маусымда ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімімен бұрынғы Одақ республикаларының бірнеше елді мекеніне «Еңбек Даңқы қаласы. 1941–1945 жылдар» атағы берілген.

Бұл тізімде: Баку (Әзербайжан), Гюмри (Армения), Барановичи және Орша (Беларусь), Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Риддер (Қазақстан), Кадамжай және Майлуу-Су (Қырғызстан), Душанбе (Тәжікстан), Әндіжан, Наманган, Самарқанд, Ташкент және Ферғана (Өзбекстан) бар.

«Бұл атақты беруге аталған қалалардың тұрғындарының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қосқан елеулі үлесі, олардың еңбектегі ерлігі мен әскери және азаматтық өнім өндірісінің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етудегі жанкештілігі, майданды қажетті ресурстармен жабдықтау, әскери госпитальдердің жұмысын ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі негіз болды», – делінген ТМД Атқарушы комитетінің хабарламасында. - Фашизмге қарсы Жеңіске қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде, әрбір атаққа ие болған қалада қаланың гербі бейнеленген стела орнатылып, ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімінің мәтіні жазылмақ. Сондай-ақ, әскери-тарихи және еңбек мұрасын сақтау, қала тұрғындарын, әсіресе жастарды патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында қосымша шаралар жүзеге асырылып, Ұлы Отан соғысына арналған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі».

Қазақстан Республикасы атынан құжатқа 2025 жылғы 15 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Сонымен қатар, 1942 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) облысы майдан шебіндегі аймақ деп жарияланып, әскери жағдай енгізілгенін атап өткен жөн.

Лев ГУЗИКОВ

28 тамыз, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.